«Харам». ҚМДБ Бишімбаев пен Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады

875
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

2022 жылы 17 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған  республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды», - деп жазды ол.

Сондай-ақ ҚМДБ азаматтық некенің зинаға жататынын ескертті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмаған «азаматтық неке» зина болып саналатынын мәлімдейді. Жоғарыда аталған теріс сипаттағы «азаматтық некенің» шариғаттағы үкімі – харам. Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуы тиіс»,—делінген хабарламада.

Пікірлер