Қазақстанда жыл сайын 700 адам мас жүргізушінің кесірінен қаза табады

1608
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жыл сайын 700 адам мас жүргізушінің кесірінен қаза табады немесе жапа шегеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың мәлімдемесіне сілтеп.

«Жыл сайын ел жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алады, соның салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 600-дей адам түрлі дәрежедегі жарақат алады», - деді Лепеха сәрсенбі күні парламенттің төменгі палатасының отырысында. Аталмыш мәлімдеме «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау барысында айтылды.

Оның айтуынша, 2018-2023 жылдар аралығында көлікті мас күйінде басқарудың 148 мың фактісі анықталған. Оның ішінде 2023 жылы – 22 мың жағдай тіркелген.

«Менің ойымша, бұған шара қолдану қажет және шешілуі керек. Оны қайта қараудың қажеті жоқ. Оған үш негіздеме бар: біріншіден, егер адам ішпейтін болса, онда оған қандай жаза тағайындалатыны қызық емес, екіншіден, біз куәлігінен айырылған жүргізушілер туралы жиі айтамыз, бірақ бмас жүргізушілердің кінәсінен қаза тапқандардың отбасылары жайлы ойламаймыз да. Үшіншіден, кімнің жүргізуші куәлігінен айырылығанына шағымданып қайта жүгінетінін және қанша адам жүгінетінін біз білеміз. Қазір әртүрлі күрделі технологиялар бар, бірақ іс жүзінде мұндай адамдар онша көп емес», - деп қосты ІІМ басшысының орынбасары.

Кейбір елдерде мұндай адамдардан көлікті тәркілеу жағдайлары бар екені атап өтіледі. Әзірге Қазақстанда мұндай шаралар қолдау таппай отыр, бірақ бар шараларды жұмсарту да орынсыз, себебі мас жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

«2023 жылы тіркелгені 22 мың, ал жалпы болып жатқан жайттар саны одан да көп. Бүгінде көліктерді тоқтату ережелері қатаң түрде реттелген, жүргізуші жол ережесін бұзбаса, біз оны тоқтатпаймыз. Көптеген елдердегідей мақсатты рейдтер жүргізетін болсақ, бұл сан екі есе көп болар еді», - деді Лепеха.

Пікірлер