Президент Тоқаев күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

1175
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет» және «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Әбдімомын Желдібаев ежелден келе жатқан күй өнерінің жаңа белестерін ашқан виртуоз музыкант және дарынды ұстаз болды.

«Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Пікірлер