Шығыстану институтының қызметкерлері марапатталды

1286
Adyrna.kz Telegram

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні. Сонымен бірге Қазақ ғылым академиясының негізін салушы, ғұлама ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Биыл Қаныш Имантайұлының мерейтойы – 125 жылдығы. Еліміз көлемінде Қ.И. Сәтбаевтың мерейтойы кеңінен аталып өтілуде.

Қазіргі қоғамдық гуманитарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттарының басым бөлігі Қ.И. Сәтбаевтың көрегендік саясаты негізінде ашылды. Шығыстану институты тәуелсіздік жылдары құрылса да, шығыстану зерттеулерінің алғышарттары ғылым академиясының алғашқы жылдары пайда болды. Сол кездері қазақ халқына қатысты шығыс дереккөздері зерттеле басталды, алғашқы ғылыми еңбектер жазылды.

Бүгінгі таңда институт академик Р.Б. Сүлейменовтың есімімен аталғаны, Сәтбаев мектебінің жалғасы деп білу керек. Өйткені Рамазан Бимашұлы — жазушы, академик Мұхтар  Әуезовтың шәкірті. Ал Сәтбаев пен Әуезов рухани жағынан сырлас, әріптес болды, әрі қазақ елінің мұң-мұқтажын терең түсінген, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен біртуар тау тұлғалар еді. Сәтбаевтың мерейтойы бәрімізге ортақ – ғылым тойы - бұл Сәтбаев күні деп түсінеміз.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас  директоры, филол.ғ.д., профессор Д.Мәсімханұлының шешімімен Инстиут қызметкерлері М.Қ. Әбусейітова, Р.У. Каримова, Д.Ә. Айтжанова, Д.Е. Медерова,  Р.Қ. Юсупов, Е.С. Ахметов, Л.Д. Әбенова, З.К. Каримова,  Е.Қ. Белғожа, Г.Ұ. Сұрашева ғылым саласындағы қажырлы еңбегі мен қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға үлесі үшін 12 – сәуір ғылым қызметкерлерінің күніне орай Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, э.ғ.д. Ғалымжан Мұстахимұлы Дүйсен грамоталарды салтанатты табыстап,  «Баршаңызды бүгінгі Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, отбастарыңызға құт-береке тілеймін! Ғылым жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Мереке құтты болсын!»—деген ізгі тілегін жеткізді.

Пікірлер