Тура 2 ай бұрын ұлы "Бәйтерекке" келген вице-министр қызметтен кетті

1543
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды.

Ол 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.

Тимур Жиенбайұлы еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Кейіннен 1985-1991 жылдары – жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.

1991-1994 жылдары – «Сәулет» Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры, 1994-1996 жылдары – БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, ал 1996-2001 жылдары – «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары қызметтерін атқарды.

2001-2002 жылдары – ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры, 2002-2005 жылдары – БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.

2008 жылғы қазан-қараша аралығында – БҚО әкімінің кеңесшісі болса, 2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.

2011 ж. қаңтар-шілде аралығында – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.

2011-2013 жылдары – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.

2013 жылғы сәуір-қараша аралығында – ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы, ал 2013-2016 жылдары – «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары, бас директорының міндетін атқарды.

2016-2021 жылдары «Мемсараптама» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, жыл басында вице-министр мәжіліс депутаттарымен сөзге келген. Жанжал жаңа Құрылыс кодексінің жобасын талқылау кезінде туындаған еді.

Ал вице-министрдің ұлы Рустам Қарағойшин 9 ақпан күні «Бәйтерек» холдингінің басшысы болып тағайындалған. Ол 2023 жылы ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің қатарына кірген еді.

Пікірлер