Димаш Құдайберген топан суда зардап шеккендермен кездесті

2377
Adyrna.kz Telegram

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе халқымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әнші туған жері Ақтөбеге келіп, су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті.

Ол № 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындарға барды. Димаш Құдайберген қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударған.

Әнші су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырғандардың бірі болған. Ол алдымен баспанасына су кірген жерлестеріне қолдау білдірді.

"Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын", - деді әнші.

Димаш Құдайберген күн-түн демей, су тасқынында халыққа қол ұшын созып жүрген еріктілермен кездесіп, алғыс айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер