50 мың қап және түнгі жол. Дағыстандық азамат Атырау халқына көмек жеткізді

2530
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Дағыстандық азамат су тасқынынан зардап шеккендер үшін бір тәулік бойы жол жүріп келген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп. 

Ресейдегі Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов "қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз" деп, Атырауға көмек қолын созған.

"Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 мың қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім", – дейді дағыстандық азамат.

Дағыстандық азамат қолдан келгенше көмек беруді көздеген.

"Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым – туысқан халықтың осындай қиындықтан аман қалуына үлесімді қосу", – дейді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер