Зардап шеккендерге көмек көрсетілді

1149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/zhajyқ-өzeni-960x500.jpeg?token=d98f27a4019f6ea8d0aca81eaa23c292
Саран қаласындағы тұрмыстық техника зауыты Шет ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 60 жаңа теледидар сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жалпы бұл аумақта Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Дербісалы ауылдарының отбасылары су тасқынынан зардап шекті. Қазір олардың барлығы уақытша Шет ауданы әкімдігіне орналастырылды. Тұрмыстық техника зауытының директоры Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, көмек сұраған кезде зардап шеккен отбасыларға өндірістен жедел түрде жаңа теледидарлар бөлініп, компания есебінен тасымалдау ұйымдастырылған. Құрал-жабдықтар қазірдің өзінде Шет ауданына жеткізіліп, жақын арада отбасыларға тапсырылады.
Комментарии