1968 жылдан бері. СҚО-дағы су қоймасында су деңгейі тарихи максимумнан аcты

1477
Adyrna.kz Telegram
Фото: pkzsk.info
Фото: pkzsk.info

7 сәуірде кешкі сағат сегіздегі жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 175 пайыз болған (көлемі - 1213 миллион текше метр). Бұл туралы Петропавловск.news порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады.

Су қоймасының деңгейі 1190 сантиметр (шегі – 800). Бөгет төбесінен асып кету 390 сантиметр (соңғы 12 сағатта 55 сантиметр).

Бұл 2017 жылғы тарихи максимумнан 52 сантиметрге артық, бөгеттен асып кету 338 сантимет болған, мұндай Сергеев су қоймасы пайдалануға берілгеннен бері, яғни 1968 жылдан бері байқалмаған.

Сергеев су электр кешенінен жоғары қарай Есіл салаларының суы күрт азая бастаған. Бұл су тасқыны шегінің сенімді белгісі, деп түсіндіреді басылым. Сондай-ақ, Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуі жексенбі түстен кейін айтарлықтай баяулаған.

"Енді Сергеев су қоймасы бөгетінің төменгі жағындағы елді мекендер үшін де, ірі көлдер маңындағы ауылдар үшін де қауіпті кезең басталады: Үлкен Тораңғыл оянады", - делінген мақалада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Пікірлер