Су басқан Атырау облысындағы Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына эвакуацияланғандар саны шамамен 15 мың адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Қазір Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 мыңға жуық азамат эвакуацияланды, оның 5500-ге жуығы балалар. 21 уақытша орналастыру орталығына 1641 азамат, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12 мыңнан астам азамат туыстарында қалды. Маңғыстау облысында жергілікті билік пен төтенше жағдайлардың көмегімен 83 мыңнан астам азаматты қабылдайтын 201 уақытша орналастыру пункті дабылға қойылды. Азаматтарды эвакуациялау жалғасуда», - делінген сенбі күні хабарламада.