Белгілі актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өмірден озды

3310
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы- режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театры мәлімдеді.

Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев - 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Құрмет орденінің иегері (2011) атақтарын алған.

«Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттыңғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні» (Барлаушы), «Қазақфильм» киностудиясының «Әлия» (Солдат), «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде ойнаған.

Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысы», Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» Бас жүлдесін алған.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер