Құрсауда қалған Құлсары. 12 мың адам эвакуацияланды

1228
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, төтенше жағдай жарияланғаннан бері Құлсары қаласынан 12 мың тұрғын эвакуацияланды. Оның 5 мыңға жуығы балалар, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құлсары тұрғындарын эвакуациялау үш бағытта жүргізілді: Атырауға, Теңіз вахталық лагеріне және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына.

"Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық ұланның тікұшағы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен Құлсары қаласына ұшты", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жылыой ауданындағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы облыстық жедел штабта хабарланды.

"Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Оған қоса, дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Барлық эвакуацияланғандарды дәрігерлер тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Ауданда сенім телефоны іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар +7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.

Бұған дейін, сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түні Құлсары қаласының 4 мыңнан астам тұрғыны Маңғыстау облысына көшірілгенін хабарлаған болатынбыз.

 

Пікірлер