Home » Жаңалықтар » Нұр-Сұлтанда Астана күні тойланып жатыр

Нұр-Сұлтанда Астана күні тойланып жатыр

Ақмола – Астана – Нұр-Сұлтан

Осыдан тура 25 жыл бұрын елорданы Алматыдан бұрынғы Ақмола қаласына көшіру туралы бастама көтерілген болатын. 1994 жылы сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент отырысында осы идеяны жариялады. Алайда депутаттар ұсынысты бірден қабылдамады. Дегенмен, үш жылдан кейін елорданы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойылды. Ол кезде қаланың атауын өзгерту жайында әңгіме болған жоқ. Араға бір жыл салып, 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Сол жылы 10 маусымда Астананың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті.

8 жыл бойы Астана күні маусымда аталып келді. Ал 2006 жылдан бастап мейрам 6 шілдеге – Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне ауыстырылды. Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.

Биыл Астана күнін тойлауда қандай өзгеріс бар?

Биыл Астана күніне арналған шаралар үш есеге қысқарып отыр. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың айтуынша, осы уақытқа дейін қала күні аясында 300 шара ұйымдастырылса, ағымдағы жылы аталған көрсеткіш 100-ге дейін қысқартылды. Басым бөлігі тегін болады. Осының бәріне шамамен 300-400 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл қаражат мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыруға ғана емес, қаланы абаттандыруға да жіберіледі.

“Астана күні осымен 21 рет тойланып отыр. Бұл күн елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтың сүйікті мейрамына айналды. Жазғы уақыт, сосын бірнеше демалыс күні бар. Қалаға басқа өңірлерден келетін адамдар көп. Өзіміздің 1,1 миллион тұрғынымыз бар. Оған қоса, шетелдік туристер көп келеді”, – деді Каналимов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Нұр-Сұлтанда қандай шаралар өтеді?

Осы жолы қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін OPEN AIR, ашық аспан астындағы гала-концерт, орталық алаңдарда ұйымдастырылатын жаппай сауық-сайранды өткізбейтін болды. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, қаланың бірнеше жерінде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады.

  • Балалар шығармашылығына арналған “Шаттық” халықаралық фестивалі (Қалалық алаң, 10:00);
  • Кадеттер арасындағы күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты (“Дәулет” спорт кешені, 11:00);
  • Жауынгерлік өнер фестивалі (Жекпе-жектер сарайы, 15:00);
  • Нұр-Сұлтан әкімінің кубогы үшін караокеден чемионат (Есіл өзенінің жағасы, амфитеатр, 15:00);
  • Үрмелі оркестрлер шеруі (Қалалық алаң, 16:00);
  • Бокс кеші (“Барыс-Арена” мұз айдыны, 17:00);
  • “Современник” теарының гастролі (Бейбітшілік және келісім сарайы, 17:00);
  • Көше биіне арналған International Street dance Session in Astana фестивалі (Қалалық алаң, 19:00);
  • Spirit of Eurasia халықаралық фестивалі (ЭКСПО аймағы, 18:00).

Дереккөз: sputniknews.kz

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Баспаналы бол!

Өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарттары көптеген ...