30 наурыз күні Ақтөбе облысындағы Щербаковская бөгеті бұзылды. Салдарынан Жүргенов ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалған. Он үй қирап, 927 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Zhasаlash басылымы жариялады, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәліметке сәйкес, қазір Прокурорлар аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғап, материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне жіберген.
Nege.Aqsha ақпаратынша, 2023 жылы бөгетті жөндеуге Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 216 млн.теңге бөлген. Жеткізуші ретінде SK Grand Canal таңдалды. Кәсіпорынның құрылтайшылары Нұрсұлтан Сәбидоллаев пен Арнұр Кәрім.
Мемлекеттік сатып алулар порталына сүйенсек, департаменттің бұл жеткізушімен қаржылық қарым-қатынасы 2023 жылы басталып, сол жылы Күсем бөгетін жөндеуге 279 миллион теңгенің алғашқы келісім-шартын алған. Жыл ішінде компаниямен 1 миллиард теңгеге жуық келісім-шарттар жасалыпты.