БҚО: Зардап шекен жандарға көмек көрсету жалғасуда

1589
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/73dad986-89df-40ed-a0ce-f001af2e6ced.jpeg

Былғы көктемдегі табиғаттың тосыннан мінезі бәрімізді әбігерге салғаны белгілі. Табиғи апаттың алдын алуға қауқарымыз жетпеседе, өңірімізде орын алған су тасқынынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізді барымызша қолдауға тырысудамыз. Орал қаласындағы БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек көрсету штабын құрып, арнайы қабылдау пунктін ашты.

Күні кеше өңірдегі күрделі жағдайға байланысты облысымыздың Бөрлі, Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарында және Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Гидрометеорологиялық жағдайлар су деңгейінің көтерілуіне алып келіп, елді мекенімізге қауіп төндіріп, жалпы саны 5000-ға жуық адам қауіпсіз орындарға көшірілді. Осы тұста БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауымен ҚХА құрылымдық бөлімшелері өкілдері, «Ассамблея жастары», бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен өңіріміздегі кәсіпкерлер, облыс тұрғындары қолдау көрсетіп, бірі ақшалай қаражат аударса, енді бірі азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етуге ат салысты.

Бүгінге дейін қабылдау пунктінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 25 млн теңгені құрайды. Алғашқы күндердің өзінде-ақ 2 млн тг-ге жуық жиналған қаражаттың бір бөлігі ақшалай аударылса, келесі жартысы гуманитарлық көмек есебінде азық-түлікпен, тұрмыстық қажеттілік заттары және киім-кешекпен толықты. Қаржылай көмек көрсеткендердің қаражатына «Ассамблея жастары» және ҚХА құрылымдары мен «Respublica» партиясы өкілдері ауыл тұрғындарына қосымша азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық тауарлар сатып алды. 

30 наурыз күні өңіріміздегі су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге арналған гуманитарлық көмек екі «Газель» және үш жүк автокөлігіне тиеліп, облысымыздың Сырым, Қаратөбе аудандарындағы қабылдау пунктіне жеткізіліп, халыққа таратылды.

Облысымызда су тасқынымен күрес және апаттан құтқару, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. 


Комментарии