Жылу тарифтерін көтеру керек – Сатқалиев

1395
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу қызметтері тарифтерін көтеру керектігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Жылу қызметтеріне келетін болсақ, шартты түрде, иә, оларды көбейту керек. Бұл әрбір жеке кәсіпорынға байланысты. Жалпы, жылу орталықтарының тозуы шамамен 70 пайызды құрап отыр», - деп жауап берді Алмасадам Сатқалиев тарифтерді көтеру қажеттігі туралы сұраққа.

Бұл ретте ол бағаның бірден өспейтінін атап өтті.

"Бұл шаралар шұғыл қабылданды. Өйткені шұғыл әрекет ету қажет болды. Кәсіпорындар энергетика саласындағы кәсіби мамандардың жалақысын салалық орташа жалақы деңгейіне көтеру үшін және қысқы мерзімге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарифтерді көтеруді сұрады. Оның өзінде кейбір салаларда жұмысшылардың жалақысы салалық орташа жалақы деңгейіне жетпегенін айтқым келеді. Өткен жолғы тарифтердің көтерілуі осы екі себепке – станциялардың тозуымен және жалақы көтеру мәселесімен байланысты болды»,– деді Сәтқалиев.

Журналистердің «алдағы уақытта тарифтер дәл осылай екі есе көтеріліп кетпей ме?» деген сұрағына министр: «Бұл кәсіпорындардың өтініштеріне байланысты. Өтініштерін қабылдап алған соң ғана тарифтердің қаншалықты көтерілетінін нақты айта аламыз»,- деп жауап берді.

Айтуынша, өткен жылы кәсіпорындар тарифтерді 60-70 пайызға көтеру жөнінде өтініш білдірген. Бірақ министрлік 30 пайыз деңгейінде көтеру туралы шешім шығарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер