Су басып біткенде Суминнің сапары басталды

1402
Adyrna.kz Telegram

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Министр аймақтағы су қоймасын аралады. Айтуынша, екі күнде учаскеде 200 миллион текше метрден астам су жиналды. «Қазгидромет» болжамы бойынша, оған тағы 210 миллион текше метр, Қарғалы су қоймасына 180 миллион текше метр түсуі керек.

"Қазсушар» РМК, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Біз су қоймаларының жұмыс кестесін өзара үйлестіруіміз керек. Қазір біз «Қазсушар» РМК жүргізіп жатқан жұмысты талдап, қажетті шешім қабылдаймыз" деп жазды Нұржан Нұржігітов өзінің телеграм арнасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқынына байланысты баспасөз мәслихаты өткенін хабарлаған болатынбыз. Министр баспасөз отырысында тілшілердің бірнеше сауалына жауап берді. Ал мына материалда мемлекет басшысы су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін туған күні қарсаңында Нұржан Нұржігітовке және өзге де шенділерге қатаң сөгіс жариялағаны туралы бөліскен едік.

Пікірлер