Бүгін - Әзербайжанда армяндар мен большевиктер жасаған геноцид құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі kavkaz-uzel.media-ға сілтеп.
1918 жылы наурызда армяндар мен большевиктер елдің 50 мыңға жуық тұрғынын қырғаны айтылады.
106 жыл бұрынғы оқиға Әзербайжан тарихындағы ең қанды оқиғаның бірі болып саналады.
Патшалық Ресей билігінің соңғы жылдарында Әзербайжанның әртүрлі аймақтарына қоныстанған армяндар билік дағдарысын пайдаланып, жерлерді басып алуға, ауылдар мен қалалардың халқын қырып-жоюға кіріскен. 1905 жылдан бастап армяндар белсенді түрде қаруланып, Әзербайжанның әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе Баку халқына көп шығын әкеледі.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер Бакудегі билікті басып алды. Армян большевиктерінің көсемі Степан Шаумян қолдаған армяндар мен большевиктердің бандылары әзербайжандарға қарсы шабуылды күшейткен. 1918 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуірі аралығында армян және большевик бандылары Әзербайжанның Баку, Шамахи, Губа, Хачмаз, Лэнкаран, Хаджигабул, Салян, Зәңгезур, Қарабақ, Нахчыван және басқа облыстарында 50 мыңға жуық халықты қырғаны хабарланған.
Османлы мемлекетінің соғыс министрі Энвер пашаның нұсқауымен жасақталған Кавказ ислам әскері Әзербайжан аумағына келгеннен кейін ғана армяндардың жауыздығы тоқтатылған.
1998 жылдан бері дәл осы күні жыл сайын халық геноцид құрбандарын еске алады.