«Қауіпсіз ел» жобасы шеңберінде ауыр қылмыстар көрсеткіші 23 пайызға азайған

622
Adyrna.kz Telegram

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында оң нәтиже қалыптасып келеді. Ауыр қылмыс түрі 23 пайызға, орташа дәрежедегі 29 пайызға және онша ауыр емес дәрежедегі қылмыс 10 пайызға, зорлау 15 пайызға, тонау 52 пайызға, ұрлықтар 35 пайызға азайған. Өткен жыл қорытындысы бойынша жалпы құқық бұзушылық саны 22,8 пайызға азайып, 10 мың халыққа шаққанда құқықбұзушылық деңгейі 63-ті құрап отыр.

Облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенсек, өңірде діни экстремистік-террористік қылмыстар, сыбайлас жемқорлық санатындағы заңбұзушылық дерегі тіркелмеген. Департамент ел Президентінің құқық сақшыларына қойып отырған талабына сәйкес қылмысқа қарсы күрестің мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағытында қызмет етіп келеді. Нәтижесінде қылмыстың құрылымдар мен қозғалысын сараптау нәтижесі өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақты болып отырғандығын көрсетуде. Алдын алу шараларын алу нәтижесінде мас күйде жасалған қылмыстар саны 21 пайызға төмендеген.

Қасақана адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық  қылмыстарың ашу көрсеткіші жоғары. Ішкі істер органдарының өндірісінде былтыр 14 мыңнан астамқылмыстық іс тергелген. 1209 қылмыскер сотқатапсырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енді, біріншіден тұрмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеуді арыздану сипатынан анықтау сипатына көшірілді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Екіншіден – тараптардың қайта татуласуы мүмкіндігі алынып тасталды. Қазіргі таңда, тек бір рет қана татуласа алады. Үшіншіден – бұл бағытта әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі күшейтілді. Сонымен қатар қамауға алудың әкімшілік жауапкершілік мерзімдері 5 тәуліктен 25 тәулікке дейін белгіленген.  

Өңірімізде орын алған қылмыстың басым бөлігі – бөтеннің мүлкін ұрлау мен алаяқтық.        

Ең бірінші – мал ұрлығы. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында бұл қылмыс түрі 1,2пайызға азайды.  Сәйкесінше, мал ұрлығының ашылуы да жақсарды.  2023 жылы 862 бас, соның ішінде 192 жылқы, 248 ірі қара және 422 бас қойұрланған. Ауыл тұрғындары үшін мал – күнкөріс көзі. Мал ұрлығын ашу барысында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 206 бас мал иелеріне қайтарылды. Осы мақсатта ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 66 қылмыс әшкерленіп, мал ұрлығын «кәсіп» еткен 14қылмыстық топ және 98 «барымташы» ұсталды. Мал ұрлығына жол бермеу мақсатында 119 қоршалған арнайы қораларға 2.777 бас мал қамалып, малдарын қараусыз жайылысқа жібергені үшін 3.757 мал иесі жауапқа тартылды, дейді БҚО полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев.

Арман Молдиярұлының айтуынша, мал иелерінің жауапсыздығынан ұрланып кетеді. Адамдар малдарын жайылысқа айдап жібереді де, оны қарамайды. Статистикаға сүйенсек, орын алған174 мал ұрлығының 80 пайызы даладағы жайылыстан, ал 20 пайызы қорадан ұрланған болып шықты.  

Өңірде пәтер ұрлығы да азайған. Өткен жылы 174 ұры құрықталып, қазіргі таңда 1.248 пәтер мен үй жеке күзет ұйымдарының қызметіне қосылған.«Бұлтты бейнебақылау» жобасын іске асыру аясында көпқабатты үйлерде 1.571 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бас полицейдің айтуынша, күні бүгінде алаяқтық, соның ішінде интернет алаяқтығы өршіп тұр. Заманауи цифрлық технологиялар сауда және банктік қызметтердегі қаржылық процестерді жеңілдеткенімен, алаяқтардың қылмыстық әрекеттері үшін қолайлы болып отыр. Алаяқтықтыңжалпы құрылымында интернет-алаяқтық 56 пайыздықұрайды. Олардың Алматы, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар қалаларында ақша аударғаны анықталған. Департамент қызметкерлері Қазақстанның басқа өңірлеріне барып, 35 қылмысты ашқан. Нәтижесінде жәбірленушілерге 542 млн 211 мың 958 теңге сомасында залал келтірілген, оның ішінде жәбірленушілердің құқықтарын қорғап, оларға 28 миллион 180 мың теңгені қайтарған.

 Қазіргі таңда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Есірткі сату бойынша 33 факті анықталып, 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соңғы 10 жылда облысымызда нашақорлар саны 960-тан 740-қа азайған.

Облыс аумағында 9 мың шақырымнан астам жол бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны 370-тен 445-ке дейін артса, қаза тапқандар 6 пайызға және жараланғандар 25 пайызға өсіп отыр. Жүргізушілердің жылдамдықты асыруы нәтижесінде 65 жол-көлік оқиғасы орын алып, 40 адам қаза тапқан.

Полиция қызметкерлерінің көпшілігі қиын жағдайларда өз міндеттерін адал әрі мінсіз орындап, азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиюға дайын.

Сонымен қатар, халыққа қызмет ету үшін келгендерін түсінбей, заң бұзушылықтарға жол берген полиция қызметкерлері де кездеседі. Өткен жылы 30 қызметкер, оның ішінде 7 қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін ішкі істер органдары қатарынан шығарылған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Пікірлер