Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
ТМЖ 1,7 млн астам текше метр еріген судың сорылып, 82 мыңнан астам қап пен 20 183 тонна инертті материал төселгенін атап өтті.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамынан 6 200-ден астам адам, 1600-ге жуық бірлік техника, 630-ға жуық су айдау және жүзу құралы, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы 313 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарындағы 369 аула аумағынан, Ақтөбе облысының 10 саяжай үйлерінен су сору жұмыстары жүргізуде»,—делінген хабарламада.
Министрліктің мәлімдеуінше, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2 054 адам эвакуацияланған, олардың 613-і бала.
Айта кетейік, республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14.