"Лаңкестер Украинаға өтпек" болды ма? Кремль Крокустағы қылмысқа қатысты кеңес өткізді

853
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кремль баспасөз хатшысы
Фото: Кремль баспасөз хатшысы
Ресей президенті "Крокус Сити Холлдағы" терактіге қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ға сілтеп.
Владимир Путин 139 адамның өмірін қиған "Крокус Сити Холлға" жасалған шабуылды радикалды исламшылар жасағанын айтады. Алайда президент бұл іске кімнің тапсырыс бергенін анықтау керектігін айтты.
Путин "бұл жағдай 2014 жылдан бері бізбен соғысып жүргендерге тиімді болды" деп мәлімдеді.
"Крокустағы" қылмысты жасағаннан кейін лаңкестер неліктен Украинаға өтпек болды және оларды онда кім күтіп отырды деген сұрақтарға жауап беру керек. Тергеу жоғары деңгейде кәсіби, объективті, ешқандай саяси мүддені көздемей жүргізілуі тиіс", -  деп толықтырды Ресей басшысы.
Путиннің сөзінше Америка Құрама Штаттары әртүрлі арналар арқылы "Крокустағы" қанды қырғынға Киевтің қатысы жоқ дегенге барлығын сендіруге тырысып жатқан көрінеді. Оның айтуынша, теракт 2014 жылдан бері Киев режимінің қолымен Ресейге қарсы соғысып жатқандардың әрекеті болуы мүмкін.
Пікірлер