Биыл Қазақстан қару күштеріне – 32 жыл!

1966
Adyrna.kz Telegram

Биыл міне елдігіміздің қорғаны болып жүрген Қарулы күштерімізге 32 жыл толғалы отыр! Осы орайда ел үшін аянбай тер төгіп, қызмет етіп жүрген сарбаздарымызға алғыс айтпасқа болмас!     

Экс-президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін құру туралы заңға  1992 жылдың 7 мамырында қол қойды. 

Қорғаныс министрлігінің әскери құрамында үш құрылым бар:

  1. Құрлық әскерлері
  2. Әуе қорғаныс күштері
  3. Әскери теңіз күштері

Құрлық әскерлері құрлықта ұрыс қимылдарын жүргізуге міндеттелген Қарулы күштердің түрі. Бұл әскер түрі 2009 жылы 20 сәуірде құрылды. Құрлық әскерлерінің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Кез-келген агрессияға тойтарыс беру;
  • Қазақстан Республикасы егемендігі мен аумағының тұтастығын қорғау;
  • Бітімгершілік сынды тапсырмаларды орындау;

Әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды. Қазақстан қорғанысының флагманы аталған бұл әскерлердің негізгі міндеттері:

  • Елдің әуе шебін қорғап,
  • Мемлекеттік және әскери  обьектілерді әуе шабуылынан қорғау;

Әскери теңіз күштері 2003 жылы 7 мамырда құрылды. Бұл әскери күштерінің негізгі қимыл аудандарына Каспий теңізінің шекара аймақтары кіреді.

Әскери техника түрлері

Жалпы, еліміздің қорғаныс күштерінде Кеңестік Ресейлік техниканың үлесі 70% - дан асып жығылады, яғни әскери техниканың біраз бөлігі ескірген. Сонымен қатар бұл техникалардың басым бөлігі өткен ғасырдың 70-80 ші жылдары өндірілген екен. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып, бұл мәселенің шешімін табуды тапсырған болатын

Әскердегі қару-жарақтың дені - 30-50 жыл болган кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау кажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет” , деді - Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Қазіргі күні осы ескі техниканы алмастыру мақсатында Қорғаныс министрлігі нақты қадамдар жасауда. Қазақстанмен «Otokar» компаниясы бірлесіп әзірлеген «TULPAR» және «ARMA» броньды жауынгерлік машиналарын бір жылға жуық уақыт бойы сынақтан өткізуде. Бұл көліктер алдағы уақытта Қазақстан армиясының қызметінде болады деп күтілуде. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Қазақстанда өндірілетін  “ARMA 8x8” жауынгерлік ұрыс көліктерінің бағасы 1,7 млн долларды құрайды екен. Бұл еліміздегі ең мықты жауынгерлік ұрыс көліктерінің қатарына кіреді. 

Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту шаралары қалай өтуде?

Елімізде өткен жылдың соңында халықаралық әскери ынтымақтастық аясында 6 оқу-жаттығу өткізілген екен. Бұл оқу-жаттығу кезінде сарбаздарды құрама сапта жауынгерлік дайындыққа шақыру сынды мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов былай деді:

«Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша Президент білім алушылардың іс-әрекеттеріне жоғары баға берді, ҚК дамыту, елдің қорғаныс әлеуетін нығайту бойынша бірқатар міндетті белгіледі. Атап айтқанда, ол әскерлерді даярлауға және командирлердің кәсібилігіне жоғары талаптар қойды. Алға қойылған міндеттерді шешуге ақылға қонымды бастамалар көтеріп, шығармашылықпен қараудың маңыздылығын атап өтті»

Қазіргі күні еліміздің қорғаныс қызметі жаңа заманауи технологияларды қарқынды қолданып келеді. Бұрынғы ескі қағаз жүйелері  электрондық, сандық жүйелерге ауыстыруға көшіп, сарбаздарға деген талап күшейтіліп жатыр.

Қарулы күштер – еліміздің қорғаны болып жүре бергей! 

Айгүл Мұратқызы



Пікірлер