Қазақстанның қазіргі әлемдегі рөлі мен мәртебесі оның геосаяси жағдайына тікелей байланысты. Бұл позицияның маңызды аспектілерінің бірі – маңызды аумақтар мен географиялық түйіндер мен мәселелерді бақылау мүмкіндігін беретіндігі. Қазақстан контекстіндегі геосаяси аспект еліміздің стратегиялық жағдайы туралы талқылауларды жиі қозғайды. Қазақстан Еуразияның орталығында, ислам, Конфуций мен христиан мәдениеттерінің қиылысында, сонымен қоса сауда маршруттарының тоғысуында орналасқан ерекше мемлекет. Сонымен қатар, жоғарыда аталған артықшылықтарға табиғи ресурстардың көптігін қосуымызға да болады.
Қазақстан этномәдени, діни, тілдік және ұлттық аспектілерде әртүрлілігі бар көпұлтты мемлекет. Біздің еліміз көптеген мәдени дәстүрлерді мұра еткен демократиялық, зайырлы, унитарлық, конституциялық республика ретінде ресми түрде жарияланған. Қазақстанның Еуразияның қақ ортасында бірегей орналасуы, оның бай табиғи ресурстары мен тұрақты экономикасы оның өркендеуіне ықпал етіп, елеулі тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Ал тау-кен металлургия секторы ЖІӨ-нің едәуір бөлігін құрайтын мұнай-газ саласынан кейінгі екінші ірі салаға айнала алды.
Келесі маңызды аспекті ол біздің мемлекетімізді 5 жылдан бері әлемдік және халықаралық саясатқа белсенді араласып келе жатқан Президенттің басқаруында. Яғни, Қасым- Жомарт Тоқаевтың саясаты өз кезегінде оның Қазақстан Президенті ретіндегі рөлімен байланысты. Тоқаев жоғарыда аталған аспектілердің барлығын атқарушы және бұл саяси процестерге белсенді қатысушы болып келеді, дегенімен оның Президенттік өкілеттілігін атқару кезінде елімізде болған көптеген төтенше жағдайлар мен Қаңтар оқиғасы, біздің елімізге көрші мемлекеттерде болып жатқан жанжалдар мен халықаралық саясаттағы тұрақсыздық Президенттің ұстанып отырған саяси бағдары мен шараларының, оны шешудегі тиімділігі мен ерекшеліктері бар екендігін көрсетуде.
Бұл мақала Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның 5 жыл Президенті қызметін атқаруы кезіндегі Қазақстанның геосаясатына, әлеуметтік және экономикалық реформаларға қатысы бар атқарған жұмыстарына шолу жасалынады.
төленді. Осы уақытта дәрі-дәрімекке, азық-түлік пен қажетті тауарлардың бағасын ұстап тұруға қатысты шаралар жасалды. Президенттің бастамасы негізінде банктер мен шағын несие ұйымдары төлемді кешіктіргені үшін айыппұлдар есептемеді, ал тұтынушылық несиелер бойынша 90 күн кешіктірілген төлемдер жағдайында пайыздар тоқтатылды.
Сол кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламалар әзірленіп, іске асырылды. Дағдарысқа қарсы шара ретінде жұмыспен қамтудың жол картасы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және т.б. шаралар әзірленіп, соның арқасында 1,2 миллион адам жұмыс орнын сақтауға және тұруға, сонымен қоса жұмыссыздықтың өсуі дағдарыс жағдайларын алдын алуға мүмкіндік туды.
Бюджет саласының қызметкерлері үшін зейнетақы, жәрдемақы және жалақы мөлшері ұлғайтылды.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар, аз қамтылған отбасылардағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдерді ұлғайту сияқты әлеуметтік қолдау жүйесіне инновациялар енгізілді.
Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосуды қоса алғанда, ардагерлерге Елеулі төлемдер жүргізілді және мүгедек адамдарға әлеуметтік қолдау жүйесі жақсартылды.
Бұл шаралар пандемияның экономикалық әсерін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар шектеулер жағдайында халықты әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдеріне негіз болды.
- Тоқаевтың Қазақстанның сауда-экономикалық және логистика саласына қатысты ұстанған геосаясаты
- Ресей Федерациясымен серіктестік
- ҚХР серіктестікке бағытталған геоясат және Си Цзиньпиннің қолдауы
- Тоқаевтың Әзербайжан арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтерудегі саясаты
- Тоқаевтың әлеуметтік саладағы бастамалары
- Пандемия кезіндегі әлеуметтік бастамалары
Новости по теме
- 2021 жыл. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік бастамалар
- Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін зейнетақылар мен жәрдемақылардың, сондай-ақ жалақының мөлшерін арттыру.
- Жұмыссыздық деңгейін қысқартумен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді мемлекеттік бағдарлама.
- I топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша бірыңғай жәрдемақыны және мүгедек балалары бар отбасылар үшін жағдайды жақсартуды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру саласында инновациялар енгізілді.
- Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі елеулі жақсартулар және әлеуметтік оңалту қызметтерін кеңейту.
- Қызметтердің 92% цифрландыруды және кәсіптік даярлау бойынша онлайн-курстарды іске қосуды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін цифрландыру.
- Бұл шаралар әлеуметтік саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар үшін қызметтерді қолжетімді әрі тиімді етті.
- 2022 жылдағы Қаңтар оқиғасынан кейін әлеуметтік кодекстерді қайта қарастыру
- 4,3 миллионан астам қазақстандық үшін зейнетақылар, жәрдемақылар мен өтемақылар уақтылы төленді.
- Мемлекет кепілдік берген қолдау ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам отбасына көрсетілді.
- Балалары бар отбасыларды қолдауға республикалық бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 926,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
- Айтарлықтай сомалар мүгедектік бойынша жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде төленді.
- Әр түрлі саладағы жұмысшылардың жалақысының өсуі жалғасып, олардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етті.
- Іскерлік бастамаларды дамыту үшін гранттар көлемін ұлғайта отырып, жастарды жұмыспен қамтуға қолдау күшейтілді.
- 2022 жылы 921 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
- 2023 жыл – Қазақстандағы жаңа әлеуметтік реформалардың орын алуы
- Әлеуметтік реформалардың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа стратегиясы қабылданды.
- Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту үшін отбасының цифрлық картасы енгізілді.
- Отбасының цифрлық картасына негізделген атаулы әлеуметтік қолдау күшейтілді.
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі ұлғайтылды.
- 2024 жылдан бастап балалардың арнайы жинақтау шоттарына жыл сайынғы табыстың 50% аудару көзделген.
- Көп балалы аналардың жәрдемақыларын саралау жоспарлануда.
- 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алу үшін кедейлік шегі орташа табыс негізінде айқындалатын болады.
- Мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
- 12 оңалту орталығын салу және әлеуметтік қызметтер порталын жаңарту жоспарлануда.
- Президенттің 2024 жылы жүзеге асыруды жоспарлаған әлеуметтік бастамалары
- Халық санының артуына байланысты бастамалар. Тоқаев Қазақстан халқының 20 миллион адамға жеткенін атап өтті, бұл ел үшін маңызды шекара мен оң динамиканы білдіреді. Ол бұл фактіні мемлекеттің күші мен өркендеуімен байланыстырады, сонымен қатар бақытты отбасыларды елдің әл-ауқатының негізі деп санайды.
- Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы реформалары. Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы салалардағы ірі жобалардың іске қосылуын атап өтті.
- Экономикалық даму және инвестициялар тартуға қатысты. Тоқаев миллиардтаған доллар шетелдік инвестициялар тарту, жаңа кәсіпорындар ашу және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтады. Ол сондай-ақ ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күші болып саналатын шағын және орта бизнесті қолдауды атап өтеді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша. Президент заңсыз сатып алынған экономикалық активтерді қайтару және осы қаражатты халықтың игілігіне, соның ішінде мектеп құрылысына пайдалану жөніндегі жұмыс туралы хабарлайды.
- Білім беру мен озық технологияларды дамыту: Тоқаев жасанды интеллектті игеруді қоса алғанда, озық білім мен жаңа технологияларға ұмтылудың маңыздылығын атап көрсетеді.
- Патриоттық тәрбие мен құндылықтар: Президент бір-біріне қамқорлық жасауға, үлкендерді құрметтеуге және балаларды құрмет пен жауапкершілік рухында тәрбиелеуге шақырады. Ол озық ұрпақтың мақтанышын және жастардың жасампаз күшіне деген сенімін білдіреді.
- Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау: Тоқаев елдегі келісімнің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, сондай-ақ мемлекеттілікті сақтау және Отанның өркендеуі мақсатында бірлік пен қажырлы еңбектің маңыздылығын атап көрсетеді.
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары
- 2019 жылы атқарылған саяси реформалар
- 2020 жылы атқарылған саяси реформалар
- 2021 жылы атқарылған саяси реформалар
- 2022 жылы атқарылған саяси реформалар
- 2023 жылы атқарылған саяси реформалар
Айнұр Бақытжанова,
сарапшы, әлеуметтанушы