Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған 4 полицейге сот үкімі шықты

2003
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда төрт полиция қызметкері Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп.

Наурыздың 18-і күні Талдықорған соты бұрынғы төрт полиция қызметкеріне Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактісі бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы) қатысты үкімі шықты. Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеген.

«Мемлекеттік прокурорлар 2022 жылдың 5 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында Алматы облысы ІІД ғимаратында қылмыскерлердің «физикалық күш көрсетумен қоса тыйым салынған тергеу әдістерін» жасағанын дәлелдеді. Заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленушінің денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақаттар келтірілген», делінген Жетісу облыстық прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылған. Сондай-ақ сот оларды шендерінен және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер