Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол «Азаттық» радиосына берген пікірінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны өзгертуді ұсынып, «Қазақстанның жаңа елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады» деген болатын.
Желіде бұл ұсынысты қолдамайтындар қарасы көп болды. Ал жақтағандар елтаңбадағы жұлдызды "Кеңес одағының қалдығы» деп жазды.
Осы сынға елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков «Қазақтың өз жұлдыздары болған» деп жауап берді.
“Совет өкіметінен бұрын да қазақтың өз жұлдыздары болған. Мысалы, Темірқазық бар. Қазақ халқының түсінігі бойынша әрбір адамның өз жұлдызы бар. Өзбекстан туында, мысалы, 12 жұлдыз бар. АҚШ туында 50-ден астам жұлдыз бар. Шын мәнінде сараптама керек. Бәрін талқылау керек”, — деді ол «Азаттық» радиосына берген пікірінде.
Ресми түрде елтаңба авторы болып Жандарбек Мәлібековке қоса, бүгінде бақилық болған Шота Уәлиханов та бекітілген. Осыдан біраз бұрын «Адырна» "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы 500 адамға сауалнама жүрігізіп, олардың 70 пайызы елтаңбаны танымады деп жариялағанын хабарлаған. Іле - шала әлеуметтік желіде қазіргі елтаңбаға көңілі толмайтын азаматтар арнайы пост жаза бастаған. Сонда депутат Аманжол Әлтаев былай деген. - Әрине, жастарымыздың мемлекетіміздің үлкен бойтұмары елтаңбаны танымауы, білмеуі қабырғамызға бататын жағдай. Енді елтаңбаны өзгерту керек
