«Қоштасқым келмейді». Қазақтың Қалдарбегі

5025
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - жазушы, Қазақ күресі одағының тұңғыш жетекшісі Қалдарбек Найманбаевтың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жазушы көзі тірі болғанда бүгін 85 жасқа толар еді.

Қалдарбек Найманбаев 1939 жылы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келген.  1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген жазушы еңбек жолын студенттік шағынан бастаған.

Еңбек жолын университетте оқып жүріп сол кездегі "Лениншіл жас", қазіргі «Жас Алаш» газетінің редакциясында қарапайым әдеби қызметкерден бастап, бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген.

Бірнеше басылымдардың бас редакторы болып қызмет етіп, Республикалық авторлар құқығын қорғау агенттігінің директоры болып еңбек етті.

Ал  1990–1993 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Жазушы 65 жыл ғұмырында өшпес із қалдырған. Оның қаламынан «Даңқ тұғырында», «Қоштасқым келмейді, «Бастау», «Сол бір түн», «Үміт өткелі», «Беймаза қонақ», «Аптап», «Ночная дорога», «Шілде» повестер мен әңгімелер жинақтары, «Ерлі-зайыпты екеуі және басқалары», «Біз сені күтеміз, Гүлзат», «Домалақ арыз», «Көктөбе», «От пен ойын» романдары туған.

2004 жылдың 22 қыркүйегінде жазушы Алматы қаласында өмірден өтті.

Пікірлер