Сталиндік саясат тыйым салған соң. Наурыз халқымен қайта қауышқан күн

1427
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Биыл елімізде ұлыстың ұлы күні – әз Наурыздың ресми мереке ретінде тойланып бастағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 15 наурыздағы жарлығымен күн мен түннің теңелген мезгілін «Көктемгі халықтық мереке – Наурыз мейрамы» ретінде ресми тойлау бекітілген еді.

Жарлықта: «Халық депутаттарының жергілікті советтеріне климаттық жағдайларды ескере отырып, халықтық мереке – Наурыз мейрамын өткізу күнін өз бетімен белгілеу ұсынылсын; республика жұртшылығының 1991 жылы наурыздың 16-сы мен сәуірдің 16-сы аралығында «Табиғат жарасымы» айлығын өткізу жөніндегі инициативасы қолдау тапсын»,– делінген.

Еске сала кетейік, Сталин билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейрамын ресми мерекелеуге астыртын тыйым салған болатын. Ұлыстың ұлы күні елімізде 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады.

2009 жылы 22 сәуірде «Мерекелер туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, Наурыз 21-23 наурыз аралығында атап өтілетін болды.

Пікірлер