"Бірақ..." "брак" болды. Министр ток-шоу жабылатынын мәлімдеді

2510
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елді шулатқан "Хабар" арнасындағы "Бірақ" бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қозғалған "Бірақ" бағдарламасының шығарылымы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Министр аталмыш жағдайды назардан тыс қалдырмады:

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.
Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты" деді ол.

Аида Балаева теларнада болған жағдай үлкен сабақ болғанын атап, ток-шоудың жабылатынын жазды:

"Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.
Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.
Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады" делінді министр постында.

 

Пікірлер