"Қыз зорлады". Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары дауға ілікті

1057
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов "қыз зорлады" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Желіде тараған ақпарат бойынша Айгүл есімді қыз баспана алу үшін кезекке тұрған. Орынбасар оны зорлап, жалған уәде бергені туралы ақпарат тараған.

Облыс әкімдігі қызметкеріне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді.

"Әкімнің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты биыл 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті Серік Батырғожиновтың арызы бойынша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Зардап шеккен тарап - Серік Батырғожинов", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгінде іс сотқа жіберілді.

"Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен деректер тексерілді, деректер расталған жоқ. Бүгінде іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты процеске қатысушылардан алуға болады, өйткені бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды", - делінген жауапта.

Осыған дейін де Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатынан зардап шеккенін хабарлаған едік.

Пікірлер