"Соңғы сайлау". Ердоған президенттік қызметтен кете ме?

920
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркия президенті 31 наурызда өтетін муниципалды сайлауға қатысады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі dw.com-ға сілтеп.

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғы сайлау болады.

Бұл туралы Ердоған TÜGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеген.

Дегенмен, 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы Ердоған мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірген.

"Мен өз қызметіммен тоқтаусыз айналысып жатырмын, дем алуға уақыт таппаймыз. Бұл мен үшін соңғы сайлау", - деді Ердоған TRT Haber телеарнасында.

Режеп Тайып Ердоған Түркияда 20 жылдан астам билікте болды. 2003 жылы ол алғаш рет премьер-министр, 2014 жылы президент болып сайланды. 2018 жылы Ердоған жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайланды. 2023 жылы ол президенттік сайлауда жеңіске жетті. Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 2028 жылы аяқталады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сайлауда жеңілген жағдайда республика басшысы қызметінен еш өкінбестен кетуге ниетті екенін айтқан болатын.

Пікірлер