"Қарызға белшеден батпайды". Несие беру талабы қатаңдатылады

798
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Елімізде несие алу қиындайтын болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 24.kz-ке сілтеп.

Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылатыны туралы Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді.

"Елімізде борышкерлер жайында тұтас ақпараттық жүйе құрылатын болады. Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы оның барлық несиелері туралы ақпарат жиналады. Яғни, ипотекасы, автокөлік алған несиесі, тұтынушылық несие мен ақшалай қарыздары туралы барлық мәлімет өңделеді. Осы ретте тұтас ақпараттық жүйе құрылады", - деді Тимур Сүлейменов.

Енді 90 күн бойы қарызын өтемей жүрген азаматтарға несие берілмейтін болады. Одан бөлек өтелмеген несие бойынша өсімпұл салуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов азаматтардың сансыз несие алып, қарызға белшесінен батуына жол бермейтінін айтты.

Пікірлер