Сеулде қазақ жеріндегі литийдің мол қорын игеру жайлы айтылды

1864
Adyrna.kz Telegram
Фото: Rick Bowmer
Фото: Rick Bowmer

Кореяның ғылыми-зерттеу институты Қазақстаннан литийдің ірі кен орнын тауып, оны игеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Korea Times-қа сілтеп.

Литийдің кен орны өткен жылы Шығыс Қазақстаннан табылған.

Институт өкілдері кен орнын тапқаны және жоспары туралы 5 наурызда Сеулдегі негізгі минералдар жөніндегі халықаралық форумында хабарлады.

Литий табылған аумақта бұрын тантал өндірілген. Ғалымдар танталдың литий мен цезиймен бірге жүретінін айтады. Кореялық институт мамандары бұл ауданды 2023 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Үкіметінің сұранысы бойынша зерттегені белгілі болды.

Геологтардың айтуынша, кен орнындағы литий қоры 15,7 миллиард долларға бағаланып отыр.

Кореяның ғылыми зерттеу институты Қазақстан аумағында келесі жылы кореялық компаниямен бірге литий өндіруді бастау үшін барланған ауданда бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.

Литий - электромобильдер индустриясы үшін маңызды минералдардың бірі болып табылады,

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың жер қойнауындағы литий қоры 50-ден 100 мың тоннаға дейін екенін мәлімдеді. Ол геологиялық қызметке литий кен орындарын барлау және игеру жұмыстарын жандандыруды тапсырған еді.

Пікірлер