Митингке шыққандардың 90 пайызы тарады

2320
Adyrna.kz Telegram

"Төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарының атынан сөйлеген бір топ ер мен әйел адамдар, бүгін рұқсатсыз шеру мен митинг ұйымдастырды. Олар өздерінің бұл қылықтарымен жол қозғалысына кедергі келтіріп,  жолаушыларды үркітіп және қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды ...

Шеруге шыққандардың тарапынан агрессивті мінез-құлықтар тіркелді", - деп жазды Данат Жұмин. Оның айтуынша, қалаға келген азаматтардың бір бөлігі Шымкенттен жер және тұрғын үймен қамтамасыз етіп беруді талап еткен. "Қауіпсіздік күштері митингке шыққандарға қарсы жаппай күш қолданудан бас тартты. Алайда, құқық қорғау органдары бұл жағдайды мұқият қадағалап отыр және өз тарапынан елеулі заңсыз әрекеттерге жол бермейді", - деді әкім орынбасары. Оның айтуынша, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екі рет наразылық білдірушілермен кездесіп, қойылған талаптар мен сұрақтарға жауап берген. "Қазіргі уақытта митинге шыққандардың шамамен 90 пайызы тарап кетті. Алаңда тек бір топ адам қалған. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан алаңдамауын сұраймын. Біз қаланың және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз үшін ресустарымыз жеткілікті. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзушылар тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттерді тоқтату керек", - деді Жұмин.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер