3004 борышкер алиментін уақытылы төлеуде

321
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі қоғамда алимент төлемдерін өндіру атқарушылық іс жүргізу саласында ең проблемалы сала болып отыр. Батыс Қазақстан облысында  74 жеке, 11 мемлекеттік сот орындаушысы жұмыс жасайды. Олардың 54-і – Орал қаласында, 24-і аудандарда қызмет атқарады. Сот орындаушылардың өндірісінде 279 792 атқарушылық іс жүргізу құжаттары бар.Қазіргі таңда 3004 борышкер алимент төлемдерін өз еріктерімен төлеуде.

Проблемалық борышкерлер саны – 377. Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 213 борышкер әкімшілік жауапқа тартылса, бір борышкерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.

         БҚО-да атқарушылық іс жүргізу саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу, оған жол бермеу жайы туралы Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиевті сөзге тартқан едік.  

Естай Рашқалиевтың айтуынша, мәжбүрлеп орындату әділет органдарының қызметінің ең маңызды әрі күрделі саласы болып табылады.Өткен жылы мәжбүрлеп орындату саласында ҚР Даму жоспарының мақсатты индикаторларына жол жеткізу, ҚР Әділет министрлігінің, Департаменттің жоспарл ы жұмыстары мен тапсырмаларын орындауға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылған. Есептік кезеңде сот орындаушылардың өндірісінде 279 792 атқарушылық іс жүргізу құжаттары орындауда болса, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Оның ішінде 150 679 атқару құжаты өндірістен аяқталған.

 Сот актілерін орындаудан қасақана жалтару ҚР қылмыстық немесе әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл салада полиция, прокуратура органдарынмен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері сот орындаушылармен қылмыстық жауапқа тарту үшін сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарына ҚР ҚК-нің 139, 430-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 64 материал тіркеліп, 1 іс сотқа жолданып, айыптау үкім қабылданды. Есептік кезеңде сот актілерін орындамағаны үшін 350 борышкер әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде102 борышкерге әкімшілік айыппұл салынса, 218 борышкер әкімшілік қамаққа алынды, дейді сала басшысының орынбасары.

Алименттерді өндіру мақсатында сот орындаушылармен атқарушылық іс жүргізудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында заңмен белгіленген банктік есепшоттарын бұғаттау, жылжымалы, жылжымайтын мүліктеріне тыйым салу, ҚР аумағынан шығу, арнайы лицензиларлар, құқықтарды шектеу және мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Жұмыссыз борышкерлерге жұмысқа орналасу туралы хабарлама беріліп, жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына жолдама табысталады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Есептік кезеңде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 193 борышкер жұмысқа орналастырылған. Айыппұлдарды өндіруді қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Борышкер» акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрық қабылданып, жоспары бекітілген. Бұл акция аясында әкімшілік айыппұлдарды төлеуден қасақана жалтарған азаматтар анықталып, тиісті мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Осы ретте, әкімшілік, салық берешектері, жол жүру ережелерін бұзу т.с.с. әкімшілік құқық бұзушылық жасап айыппұл салынған азаматтарға өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз.

Өзіңізге қатысты атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметті ашық интернет көзінде орналасқан борышкерлердің бірыңғай тізілімінен, «Е-gov» порталынан немесе «Kaspi.kz» мобилді қосымшасынан біле аласыз.

Мәжбүрлеп орындату саласындағы жаңалықтарға тоқталсақ, жеке сот орындаушылар институты жыл сайын даму үстінде. Жылма жыл құзыреттері кеңейтіліп, жауапкершіліктері күшеюде. Сот орындаушылардың жұмысын автоматтандыру үрдісі жалғасуда. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мобилді қосымшасын іске қосу жоспарлануда. Яғни смартфонның «Play market» немесе «App Store» бағдарламасы арқылы жүктеуге қолжетімді. Бұл азаматтардың өздеріне қатысты атқару өндірістері туралы ақпарат немесе сот орындаушы салған тиымдар мен бұғаттауларды тез арада анықтауға, ҚР аумағынан шығуға тиымдарды көруге, берешек сомасын жедел төлем жасауға ықпал ететін болады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда робот сот орындаушы пилоттық жобасы іске қосылды.

Құқықтық мемлекетте заңды сыйлау, заңға бағыну негізгі принциптер екенін ескерсек, қоғамда заң үстемдігі де жүзеге асатыны сөзсіз. Ол үшінқоғам алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындап жүрсек жеткілікті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Пікірлер