Ішімдік ішу мен темекі шегу ер адамның қабілетін төмендетеді

2520
Adyrna.kz Telegram

Алкогольдік ішімдік ішу мен шылым шегу адам денсаулығына зиян деп айтып жатамыз. Алайда солай бола тұра зиянды әрекеттен бойымызды аулақ ұстамай, керісінше оған бір таман жақын тұратынымыз жасырын емес.

Уролог дәрігер Олжас Иманғалиұлы алкогольдік ішімдік ішу мен шылым шегу әсіресе ер адамның денсаулығына зиян екенін айтады.

«Бірақ біз соны біле тұра оны көп қолданамыз. Неге? Ең бірінші себеп әдетке айналып кеткен немесе жұмыстан шаршап, стрессті басу үшін ішімдік ішуге бейім тұрамыз.

Ең бірінші темекінің адам денсаулығына зиян екенін қысқаша айтып өтсем. Темекінің құрамында өздеріңіз жақсы білетіндей никотин бар. Осы никотин ағзадағы мидың улануына және адамның өзін жақсы сезінуіне алып келеді. Біз темекі шеккен кезде уақытша рахаттанып, демалған секілді боламыз. Бірақ мұның денсаулыққа кері әсері бар. Темекінің зияны тыныс жолдары арқылы өкпеге түсіп, ұсақ қан тамырлардың бойына түтін өтеді. Темекі өкпенің ішін зақымдап қана қоймай, сонымен қатар сол түтін өкпенің қабырғасына шлак болып жабысу арқылы қан тамырға токсиндер тарайды. Осы токсиндердің ағызаға тарауы қан арқылы басқа жаққа барады. Осының салдарынан аяқтың ауруларына, тамырлардың бітеліп, инфаркт пен инсультке алып келеді. Бірден қатерлі ауруға тап бомласаңыз да, біртіндеп қан тамырының бойындағы қанның ағысының төмендеуіне алып келеді. Ал қанның қоюлануына алып келгеннен кейін біздің ағызаға кері әсерін тигізеді.

Екінші мәселе бұл жыныс жолдарына түсетін болса, яғни жыныс жолындағы қан тамырының бітелуі еркектің қабылетін түсіреді. Тіпті темекінің зияны ұрықтың сапасының бұзылуына алып келеді», – дейді ол.

Уролог дәрігер алкогольдік ішімдік ішкен адам не істеп, не қойғанын білмейтін эферияға ұшырауы мүмкін екенін айтады.

«Ішімдік ішкен адамның миы уланып, қаны қоюуланып, еркектің қабылеті төмендейді. Сондай-ақ ішімдік ішкен адамның бауыры ауруы мүмкін. Егер ішімдік ішетін болсаңыз, бауырға май басып,инсулин гармонының бұзылуына және артық салмақ жинауға алып келеді. Алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін адамның тәбеті ашылады. Ал тәбеті ашылғаннан кейін шамадан тыс салмақ жинайтын болады. Егер ағзаңызды таза ұстап, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, ішімдік ішу мен темекі шегуден тыйылу керек. Зиянды әрекеттен арыла алмай жүрсеңіздер психологтар мен психотерапевтдің көмегіне жүгінуге тура келеді. Егер зияны дүниелерден бойыңызды аулақ ұстайтын бослаңыз ұзақ өмір сүресіз. Себебі сізде инсульт, инфарк секілді аурулар болмайды. Денсаулығыңыздың мықты болуы зиянны әрекеттен аулақ болуыңызға тікелей байланысты», – дейді Олжас Иманғалиұлы.

Пікірлер