Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Лас-Вегаста жүргенін жариялады

780
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, олигарх Нұрәлі Әлиев Лас-Вегаста төбе көрсетті. Бұл туралы ол U2 рок-тобының концертінен өзінің Instagram желісінде   3 видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Концерт Лас-Вегаста, "Сфера" павильонында өткен.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев жыл сайын Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингіне енеді. Өткен жылы іскерлік журнал оның байлығын 249 000 000 долларға бағалады. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы.

Осы жылдың қаңтар айында Алматыда жер сілкінісі орын алған еді. Осы кезде тұрғындарға апаттық жағдайды ескертпеген компания Нұрәлі Әлиевке тиесілі екені белгілі болды. TNS-INTEC компаниясы өз кезегінде Darmen Holding компаниясына тиесілі, холдингтің соңғы иесі Нұрәлі Әлиев болып табылады.

2022 жылы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін орнатуға TNS-INTEC-пен келісімшартқа қол қойып, оған 1,1 млрд теңге жұмсағаны белгілі болды.

Пікірлер