ҚАЙНАР ОЛЖАЙ: “Жоқ, олай емес!” дей алғандарды жоқ деп ойлау өзекті өртейді

1563
Adyrna.kz Telegram
Қуанбек Боқаев. Фото ашық дереккөзден
Қуанбек Боқаев. Фото ашық дереккөзден

 

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы. Пікірлердің әралуандығы деген кеңшілік берілген. Бірақ талайлар соны барынша пайдалана алмайтын. Себебі жұрттың бәрі бірдей ойлайтын. Бірнеше ондаған жыл сананы құрсаулаған қалыпты қирату әркімге оңайға түспейтін.

Пікір әралуандығына есік ашылғанға дейін-ақ жалпы қауым қабылдаған ұсыныс, шешім, тіпті күдікпен қарайтын бір азамат болды. Біздің арамызда, СҚ-да қызмет істейтін журналистер ортасында. Ол - Қуанбек Боқаев. Не нәрсеге болсын “жоқ, олай емес” деп шығатын. Әрі өзінің керісінше, қарсы ойын айтатын. Жай айтпайтын, жұртшылық бас шұлғып, қолдап отырған нәрсенің ту-талақайын шығарып беретін.

Сол Қуанбек аға өмірден өтіпті. Дәл осылай “жоқ, олай емес” дей алған екінші аға да о дүниелік болғанын естіп, көңіл тағы құлазыды. Ол - Сейдахмед Құттықадам. Бұл кісі сонау 1994 жылы Назарбаевтың шексіз билігіне мүмкіндік берген Конституция жобасына қарсы шыққан.

Енді қалам ұстаған журналистер арасынан Қуанбек пен Сейдахмет ағалар сияқты билікке “Жоқ, олай емес!” деп жаза алатындар шығар ма екен?..

 

Қайнар Олжай

 

 

Пікірлер