Автобус жүргізушілері тапшы - Көлік министрі

1301
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік жүргізушілердің жетпей жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Министр Қонаев қаласында тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында Жолаушылар тасымалымен айналысатын өңірлік кәсіпорындардың өкілдері де бірқатар сауалдарды жолдады. Соның бірі - автобус жүргізушілері үшін қажетті жұмыс өтілін азайтуды және D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін төмендету. Яғни, автобус жүргізушісі мамандығы бойынша оқитындардың саны 20 есеге азайған.

Министр Қарабаев бұл мәселелерге қатысты 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында шешім қабылдау жоспарланғаны туралы айтып берді. Алайда Мәжілістегілер министрдің бастамасын қолдамаған болып шықты.

Біз бірінші жартыжылдықта Мәжіліс бұл өзгертулерге қолдау көрсетсе, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейін азайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейін төмендейді. Әлбетте, мұнымен мәселе толықтай шешілмейді, дегенмен алғышарттары бар. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Аталған көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті, - деп жауап берді министр.

Пікірлер