Алматыдан Оралға ұшқан «Air Astana» рейсі шұғыл түрде Алматыға қайта қонды

2954
Adyrna.kz Telegram

Оралға ұшқан «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы қайта айналып, Алматыға оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Flightradar24 сайтының мәліметі бойынша, «Air Astana» әуе компаниясының KC881 рейсі Алматыдан Оралға ұшып, кенет қайта айналып Алматыға қонған.

Әуе компаниясының сайтында рейстің күйін тексеру кезінде сағат 13.40-та жоспарланған рейс жойылып, 2 наурызда сағат 16.00-ге ауыстырылғаны көрсетілген.

«Air Astana» әуе компаниясы жағдайға қатысты жауап берді:

«Бүгін KS 881 Алматы-Орал рейсін орындаған «Air Astana» ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты әуеден оралды», - деп түсіндірді «Air Astana» баспасөз қызметі.

Әуе кемесінің командирі дәрігерлерді Алматы әуежайына шақырды. Ұшақ 15.10-да қонып, науқас жолаушы жедел жәрдемге жеткізілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер