Халық: Арыстан әскери қалашық жасалынсын, біз ол жаққа бармаймыз!

2395
Adyrna.kz Telegram

"Арыс халқының таңда басталған наразылық шеруі әлі де жалғасуда. Халық қатты қалжыраған, шаршаған, күн қатты ыстық. Жиналған жұртшылықтың ішінде балалар да бар. Десе де "Ақмешіт" жанынан басталған шеру көше-көшені бойлап, арбатқа да келіп жетіпті. Арыстықтар талап-тілегін орындату үшін Шымкенттің орталық көшелерін толығымен жапты. Халық : "Арыстан әскери қалашық жасалынсын, біз ол жаққа бармаймыз" деп ұрандап жүр. Уақыт өткен сайын наразы халықтың саны артып келеді. Ал облыс әкімі мен қала әкімі "Үйлеріңді жөндеп береміз. Ұнамаса сатып басқа жаққа көшіңдер" дегеннен аса алмады. Көшедегі халық наразылық шеруге шыққандарды жол-жөнекей сумен қамтып жатыр" деп хабарлайды Арысқа аттанған "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Оңғар Қабден.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер