“Мәселе шешілмесе, ҰҚШҰ-дан заңды түрде шығамыз”. Пашинянның парламенттегі мәлімдемесі

866
Adyrna.kz Telegram
Ресей Федерациясы президентінің Әкімшілігі
Ресей Федерациясы президентінің Әкімшілігі

Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен (ҰҚШҰ) қарым-қатынасының нақты тоқтауы, Арменияның ҰҚШҰ-да тұрақты өкілінің жоқтығын білдіреді. Бұл туралы парламент сағатында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бір жылдан бері бізде ҰҚШҰ-да тұрақты өкіл болған жоқ. Біз ҰҚШҰ іс-шараларына көптен бері жоғары деңгейде қатыспадық. ҰҚШҰ-да шешім қабылдауда консенсус принципі бар, бірақ біз қатыспаймыз. Қарапайым себеппен, бізде «неге қатысу керек» деген сұраққа жауап жоқ», - деді Пашинян Арменияның ұйымға қатысуын тоқтату нені білдіреді деген сұраққа жауап беріп.

Оның айтуынша, егер ұйым өз міндеттемелерін орындамаса, Ереван ҰҚШҰ-ға мүшелігін заңды түрде тоқтатады.

«Егер біз іс жүзінде іс-әрекетімізді тоқтатқан болсақ, онда мәселелер шешілмесе, біз оны де-юре жасаймыз», - деді Премьер-Министр.

Пашинян Ереванның ұйымға қоятын басты сұрағы мынада екенін атап өтті: Армениядағы ҰҚШҰ-ның жауапкершілік саласы қандай?

«Біз ҰҚШҰ-ға сұрақ қойдық, бүгінге дейін жауап алған жоқпыз. Ал бұл сұраққа жауаптың болмауы, біздің ойымызша, Армения Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіреді», - деді ол.

Пашинян 23 ақпанда France24 телеарнасына берген сұхбатында Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеді. Армения премьер-министрінің айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ереванға қатысты, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады және ел бұған назардан тыс қалдыра алмады. Осыған байланысты Арменияның келісімге қатысуы уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ға алты мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Пікірлер