Арыстықтар Шымкенттен баспана беруін талап етіп отыр

3221
Adyrna.kz Telegram

"Соңғы ақпараттарға сәйкес, Шымкентке уақытша қоныстанған Арыстықтар "Ақмешіт" мешіті алдында наразылық шеруге шықты.  Шеруге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келіп, басу айтпақ болып еді, халық "Арыста тұруға қарсымыз, Шымкенттен  баспана алып беріңдер" деген басты талап қойып отыр. Бұл ұсынысқа әкім "Шымкентте баспанаға мұқтаж көп балалы аналарға, басқа да азаматтарға не деймін?" деп жауап қайырды.   Мұндағы қара халықтың негізгі көздегені үй емес, радиацияға баруға қарсылығы болып тұр" деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының Арысқа аттанған журналисті Оңғар Қабден.

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер