Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобы тергеуге қысым жасауда

861
Adyrna.kz Telegram

Бүгін (25.02.2024) Данияр Әлпиевке алданған бір топ саудагер Алматы облыстық полиция департаментінде шу шығарды.

Қонаев қаласына келген кәсіпкерлер әлеуметтік желіде Данияр Әлпиевті, Эрмек Марқабаевты ақтап алуды көздейтін адвокаттардың әрекеттеріне, көрші мемлекетке нота жолдатқан астыртын ойындарға алаңдаулы екендерін жеткізді.

Қылмыстық әрекетті жұмсарту үшін жасалатын ақпараттық науқан тергеуге қысым көрсетудің бір түрі. Соңғы уақытта бұл үрдіс қалыпты жайтқа айналып, Бишімбаевты да ақтап алу әрекеттері әшкере болуда. Сондықтан, жапа шегуші тарап Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Қасенұлы Шалқаровқа бірнеше сұрақты жүзбе-жүз қойды:

Саудагерлерді сергелдеңге салған, 2 млрд-қа жуық қаржы жымқырған Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды? Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды ма (№3 павильон құрылысы)? Жәбірленушілер саны қаншаға жетті? Павильон құрылысына қаржы жинауға тікелей қатысы бар Эрмек Марқабаев, кассир Маржан Есжанова, Бекет Әбілов және басқаларға неге шара қолданылмай жатыр?” - деді.

Бүгінгі жиынға Данияр Әлпиевтің туған-туыстары да қатысқан. Бұған дейін Данияр Әлпиевтің басшылығындағы компания үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған.

Атап айтқанда, базардың атқарушы директоры болып қызмет атқарған қырғыз азаматы Эрмек Марқабаев, кассада жұмыс істеген Маржан Есжанова және базардың бақылаушысы Бекет Әбілов сынды тұлғалардың қатысуымен болған заңсыз қаржы жинау әрекеті әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы  үлескерлердің көкейтесті мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын және үлескерлерді жәбірленуші ретінде танитындығын айтты.

Қосымша ақпарат бойынша байланыс үшін:
Диана Мұхитқызы - 87476826772

Пікірлер