Әнші Еспановтың депутаттыққа үміткер болған ұлы жас қыздарға интимді хаттар жазды деген дауға қалды

1372
Adyrna.kz Telegram

Желіде танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов белгісіз қыздарға интимді хаттар жазды деген мәлімет тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның бейәдеп әңгімесі әлеуметтік желіде, дәлірек айтсақ Tik Tok платформасында таралып кетті. Тараған ақпаратқа сүйенсек, ол белгісіз бір қызға жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған. Желіге жазбаларды жүктеген қыз да видеоны қайта өшіріп тастаған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі  «Қателеспейтін адам жоқ, періште емес қой», «Әлі жас, ақыл тоқтатсын» деп қолдау білдіріп жатса, кейбірі «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарындастарыңа осылай жазса қалай қарайсың?» деп сөгіп жатыр.

Дауға қалған жігіттің әкесі, әнші Нұрлан Еспановқа хабарласып мән-жайды білейін десек, телефоны бірнеше күннен бері сөндірулі. Әлеуметтік желіде де ешқандай мәлімдеме әзірге жасаған жоқ.

Айта кетейік, Олжас Еспанов таяуда өзінің басынан өткерген оқиғасын арқау етіп, «Ол – жас махаббат» кітабын жарыққа шығарған еді.

Одан бөлек, 2020 жылы  Олжас Еспанов "Нұр Отан" партиясының атынан депутат болуға үміткер ретінде праймеризге қатысты. Сондай-ақ, ол 2018 жылы IQ Kazakhstan ұйымының арнайы тестілеуіне қатысып, ең ақылды деп табылған 30 адамның қатарына енді.

 

Пікірлер