БҰҰ Газа секторындағы “жаңа туған нәрестелердің” жағдайы туралы мәлімдеді

814
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы БАӘ перзентханасына келген жүкті әйелдер мен жаңа туған балалар қиын жағдайда, ал инкубаторлардағы сәбилердің көпшілігі жетім қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Анадолу” ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның "UN News Arab" сайты БҰҰ қорының перзентханасына барғаннан кейін осындай тұжырымдар жасады.

“Газа секторындағы соңғы перзентханалардың бірі БАӘ перзентханасындағы жағдай мәз емес. Жүкті әйелдер шабуылдан, бомбалаудан, аурудан, аштық пен шөлдеуден өлмесе де, босану кезінде өліп кетуі мүмкін”, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ БҰҰ хабарламасында жүкті әйелдердің көпшілігі 7-8 айларда қорқыныш пен мазасыздыққа байланысты мерзімінен бұрын босанатыны атап өтіліп, жаңа туған нәрестелерде жұқпалы ауруларды жұқтыру немесе асқыну қаупі бар болғандықтан шетінеп жатқандығы айтылған.

“Қазірде аурухананың 20 инкубаторында 77 жаңа туған нәресте бар, бұл олардың өміріне қауіп төндіреді. Инкубаторлардағы сәбилердің көпшілігі жетім қалды, өйткені олардың ата-аналары қайтыс болды немесе жоғалып кетті", - деп қосты БҰҰ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер