Қазақстанда 59 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

1024
Adyrna.kz Telegram
Фото: qarmaqshy-tany
Фото: qarmaqshy-tany

Қазақстанда 59 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Министрдің айтуынша, қазір жөндеуден өтуге тиіс 59 теміржол вокзалы айқындалған. Оның төртеуі ғана Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодар қалаларында қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

"Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жай-күйі де төмен. Әр вокзалдың өз табысы 50-60% ғана қамти алады. Осыған байланысты барлық әкімдік жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Осы жылдың соңында біз оны қаржы бөлу жағын бюджеттен қарастырамыз ба деп отырмыз", - деді Қарабаев сенат отырысында.

Ол "Қазақстан темір жолы" компаниясының өз ақшасы вагон алуға, локоматив алуға жұмсалып жатырғанын да айтты. 

"Мұнда әкімдермен келіскеніміз – ғимаратты жөндеуді республикалық бюджеттен қарастырамыз деп отырмыз. Теміржол вокзалының ауласын әкімдік бюджеті есебінен келісеміз. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдердің өздері дайындап жатыр. Теміржол вокзалдарын жаңарту сапаның артуына септігін тигізеді", - деді министр.

Пікірлер