Теміртауда 2 қабатты дүкенде газ жарылды

1996
Adyrna.kz Telegram

Теміртауда 2 қабатты дүкенде газ жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға бүгін сағат 8:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде орналасқан 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер барған уақытта ғимараттың толық қирап, жанғаны анықталды.

«Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. Қазір оқиға орнына қосымша 23 адам мен 5 техника бара жатыр.

Сағат 8:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Ол Теміртау қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы күрделі деп бағаланып отыр. Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасып жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

Сағат 9:08-де 40 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер