Есік қаласының экс-әкіміне сот үкімі шықты

1983
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sot-үkimimen-960x500.jpg?token=7900dcaf8c03cf28f724842aedd60914
"Пара алды" деп айыпталған Алматы облысындағы Есік қаласының бұрынғы әкімі айыппұл арқалады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп. Іс материалдарына сәйкес, Есіктің әкімі Асхат Аңсатбаев серіктестікпен 32 миллион теңгеге балалар алаңдарын абаттандыру туралы шарт жасасқан. Мердігер мекеменің басшысы жұмысты орындау үшін өзінің досы Р. есімді азаматпен бірлескен. Есіктің экс-әкімі 2023 жылдың тамыз айында құрылыстардың біріне барып, жұмыс сапасына қатысты ескертулер айтып, оларды жоюды талап еткен. Алайда мердігер Р. азамат әкіммен достық қарым-қатынас орнату мақсатында туған күніне құны 234 мың теңге болатын қымбат сөмке сыйлаған. Әкім бұл әрекеттен соң кәсіпкер тарапынан орындалған жұмыстардың қалған актілеріне кедергісіз қол қойған. Сондай-ақ, басшы жүргізілген жұмыстар үшін қосымша ақша алу мүмкіндігін ұсынып, кәсіпкерден 2 миллион теңге сомасында пара дәметкен. 2023 жылғы 6 қазанда Рахметов аталған қаражатты Ансатбаевқа оның орынбасары арқылы берді. Сот процесінде екі сотталушы да өз кінәсін мойындады. Экс-әкім бұл әрекетке өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған. 7 ақпанда сот үкімі бойыншаАсхат Аңсатбаев "пара алды" деп айыпталып, алған сомманың 50 еселенген көлемін, яғни 100 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза арқалады. Сондай-ақ, шенеунік  мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Ал кәсіпкер Рахметов 367-бапқа сәйкес "пара беру" бойынша кінәлі деп танылып, оған 13 есе,  яғни 60 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Комментарии