Апаттан зардап шеккендер бар. Түркиядағы алтын кенішінде лай көшкіні жүрді

1272
Adyrna.kz Telegram
Фото: zdg.md
Фото: zdg.md

Түркияда топырақ көшкіні жүріп, кеншілер үйінді астында қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Анадолы ақпарат агенттігінің Х желісіндегі парақшасында Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүргені туралы ақпарат  тарады.

Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая да кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін айтты.

“Өкінішке қарай, көшкіннен тоғыз қызметкер зардап шекті деген болжам бар”, – деп хабарлады басшы.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша аталған шахтада 667 адам жұмыс істейді екен.

Түркияның Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген.

Еске сала кетейік, 8 ақпан күні Алматыдағы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданында көшкін жүріп, екі тұрғын үйге зақым келген болатын. Лай көшкіні салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты.

Пікірлер