Qarmet қызметкерлерін бопсалағандар ұсталды (ВИДЕО)

1114
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қарағанды облысында кеншілерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Облыс полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, қазіргі Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топтың мүшелерін құрықтаудың екінші кезеңін өткізді.

Тергеу барысында 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталып, күдіктілер қамауға алынды. Одан бөлек, ұсталғандардың “Қазақстан Темір Жолы” АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталып отыр.

13 ақпан күні полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері қылмысқа қатысы бар 8 адамды ұстады.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігінің берген ақпараты бойынша өткен жылдың желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынған болатын.

Пікірлер